2024 жылдың 26 тамызындаЕБҚ бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметтерініңпедагогтары үшін«Навстречу друг другу или готовность педагога к деятельности в условиях инклюзивного образования» тақырыбында аудандық семинар-практикум өткізілді. Аталған семинар-практикумның модераторы Жамбыл ауданының «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ басшысы, логопед-мұғаліміМ.Г. Шерстобитова болды.Спикерлер: әдіскер, дефектолог-мұғалім Е. С. Назарова, логопед-мұғалімдер Е. В. Назарова, Т. В. Буланова болды.
Семинар-практикумда ЕБҚ бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудіңұйымдастырушылық негіздеріне, ППС қызметінің жұмысына сұрақтар ашылып, логопат-балалардағы дыбыстыайтуды түзетудіңдәстүрлі жәнеинновациялық тәсілдерісипатталып, көрсетілді.
Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметтерініңқатысқан мамандарыЕБҚ бар балалармен жұмысты ұйымдастыруға қатыстыөз білімдерін, дағдыларын іс жүзіндекөрсетуге мүмкіндікалды: балаларға санаттар бойынша сипаттама берді, жұмыстың реттілігі мен кезеңділігіне қатысты сұрақтарға жауап берді, педагогикалық міндеттерді шештіжәне күрделіпедагогикалық жағдайлардан шығудың жолын іздеді.
Семинар өте табысты өтті, мазмұны жағынанөзекті және ақпараттықболды.
Семинар соңындапсихологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметтерініңпедагогтарыөздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.











