2024 жылдыі 23 қазанында Жамбыл ауданының «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ мүгедек тұлғаларды әлеуметтік қолдау айлығы аясында «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Жамбыл ауданының білім бөлімі» КММ басшысы Э. С. Шумековтың — «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ басшысы М.Г. Шерстобитовамен, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-ана Г.А. Мұхажановамен кездесу-сұхбаты өткізілді. Сұхбат барысында мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасының алдында тұрған проблемаларға қатысты мәселелер талқыланды, түзету кабинеті мамандарының осы баламен жұмысының жетістіктері мен нәтижелері талқыланды.
Осы сұхбаттасудың соңында қажет болған барлық адамдарға мүгедектік мәртебесін қабылдау туралы, мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау мен көмекті пайдалану туралы кеңес берілді.