2024 жылдың 18 қазанында Жамбыл ауданының «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ  мүгедектігі бар тұлғаларды әлеуметтік қолдау бойынша айлыққа байланысты  мүгедек балалардың ата-аналары үшін «ЕБҚ балалардың әлеуметтік көмекті алуы» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға уақтылы әлеуметтік көмек көрсету үшін өзара іс-қимылдың ақпараттық-ұйымдастырушылық нысандарын жүзеге асыру, балаларды тиімді оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыру үшін бірлескен ақпараттық-талдау қызметін ұйымдастыру және оларды қоғамға әлеуметтендіру болды. Кездесуге ОАА бас дәрігерінің орынбасары Еркегүл Ғабиденқызы Сүйіндікова, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің кеңесшісі Динара Ерланқызы Майсатаева шақырылды.

Іс-шара барысында мүгедектігі бар тұлғаларды әлеуметтік қорғау қағидаттары, мүгедектігі бар тұлғалардың қандай құқықтары бар, мүгедектігі бар тұлғаларға әлеуметтік көмек түрлері, мүгедектігі бар тұлғалар үшін оңалту түрлері сияқты мәселелер қаралды. Сондай-ақ мүгедектігі бар тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының негізгі заңдары түсіндірілді.

Соңында ата-аналар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *